• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Бердібек Сапарбаев: «Ақтөбе» командасын нәтижесіне қарай қаржыландырамыз

140 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе» футбол клубының өкілдерімен кездесті. Өңір басшысы жаңа маусымға арналған тапсырмалар берді, сондай-ақ, осы жылы клубты қаржыландыру мәселесіне де тоқталып өтті. «Қаржыландыру өткен жылғы деңгейде қалады. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша қосымша ақша бөлу жағы қарастырылады. Егер команда жақсы нәтиже көрсетер болса, клубтың бюджеті де артады. Барлығы өздеріңізге байланысты. Ақтөбеде футбол о бастан болған, болады да, бола береді де!» – деді Бердібек Сапарбаев. Облыс әкімі бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 6-орыннан төмендемеу туралы тапсырма берді. «Алғашқы кезең аяқталғаннан кейін өзге де тапсырмалар беріледі», – деді ол. Кездесу барысында «Ақтөбенің» ойыншылармен толық қамтылмағаны да айтылды.