• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Смартфонды 20 минутта қуаттайтын құрылғы таныстырылды

182 рет
көрсетілді

Барселонада Meizu компаниясы mCharge 4.0 атты смартфон қуаттайтын құрылғыны таныстырды. Ол  енді әлемдегі ең қауіпсіз және жылдам қуаттайтын технология, деп жазды businessinsider.Mobile World Congress 2017 көрмесінде компания жаңа технологияның мүмкіндіктерін көрсетті. Аталған құрылғы 10 минутта смартфонды 60 пайызға, 18 минут 45 секундтың ішінде 100 пайызға қуаттаған. Көрмеде белгілі болғандай, құрылғыдағы жаңа дата-кабель қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оған қуаттау процесіне мониторнг жасайтын смарт технологиясы бар Е Науk чипі орналастырылған. mCharge 4.0 құрылғысы –40 °С пен +60 °С температура аралығында да жұмыс істей береді. Компанияның айтуынша, оны 10 мың рет еркін пайдалануға болады.