Қызылорда облысында туберкулез ауруынан емделуші азаматтарға материалдық көмек ретінде ақша бөлінген, деп хабарлайды bnews.kz.
«Соңғы бір жылда 762 науқасқа 137 миллион теңге төленген. Оларға ай сайын азық-түлікке, басқа да шығындарға көмек ретінде қолма-қол ақша аударылады», – деді Қызылорда облысы тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Ризақұл Нұртаев.
Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасында хабарлағандай, туберкулезбен ауыратындарға осындай қарапайым қолдау көрсету – еріксіз, бірақ тиімді шара.