• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

«Атырау» командасы 9 ұпайынан айырылды

180 рет
көрсетілді

«Атырау» футбол командасы Қазақстан премьер-лигасындағы жаңа маусымын -9 ұпаймен бастайды. Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ҚФФ-ның «Атырау» футбол клубын 9 ұпайдан айыру туралы арызын қабылдап, 2017 жылғы Премьер-Лига командаларының арасындағы Чемпионаттың турнирлік кестесіне тиісті өзгерістер енгізді. FIFA-ның тәртіптік комитеті аталған клубты ойыншы Jonathas Ricardo Sousa da Costa алдында қарызды өтеу туралы шешімді орындамағаны үшін 3 ұпайдан, ал бапкер Zoran Filipovic алдында қарызды өтеу туралы шешімді орындамағаны үшін 6 ұпайдан айыру туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.