• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Трамптың сөзінен кейін теңгенің бағамы көтеріліп кетті

159 рет
көрсетілді

KASE-нің таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, бүгін, 1 наурыз күні, 1 АҚШ доллары 313,39 теңгеге теңесті. Кеше кешке АҚШ Парламенті Конгресіндле алғаш рет сөз сөйлеген Дональд Трамп өзінің президенттік лауазымындағы жоспарларымен кезекті рет бөлісті. Онда Ақ үй басшысы АҚШ әскери қуатын арттыратынын айтып, салық саясаты туралы бірқатар өзгерістерді алға тартты. Айта кетейік, осының алдында Дональд Трамп елдегі отандық компаниялар мен трансұлттық корпорацияларға салықты азайтатыны туралы айтып еді. Осының нәтижесінде бүгін АҚШ долларының өзге валюталарға шаққандағы бағамы көтеріліп кетті. Ал өз кезегінде Брент маркалы мұнайы екі аптадан бергі тұрақтылығын жоғалтпай тұр. Астана уақытымен 12:00-де Брент баррелі 56,52 долларды құрады.