• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Елордада медициналық құқыққа байланысты халықаралық конференция өтеді

200 рет
көрсетілді

Астанада медициналық құқыққа байланысты Халықаралық конференция өтеді. Наурыз айының 16-17 күндері Астана қаласында «Қазақстан Республикасының медициналық құқығы: қазіргі заманғы мәселелер және даму болашағы» деген тақырыпта Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл туралы бүгін журналистермен болған бас қосуда «Арман» отбасылық және медициналық құқық бюросының бас директоры Светлана Саукенова айтты. «Медициналық құқық қай уақытта да маңызды. Емделушілер мен емханалардың, мемлекет пен емханалардың және жалпы медициналық орталықтардың арасында түрлі түсініспеушіліктер әлі күнге орын алуда. Біз аталмыш конференцияда осы және өзгеде маңызды сұрақтардың төңірегінде ой қозғайтын боламыз. Жиынға, Украина, Әзербайжан, Беларусь және еліміздің медицина ғалымдары, заң ғылымдарының кандидаттары, доцент, профессорлар қатысады», – деді ол.