• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

«Барыс» «Тракторды» жеңе ала ма?

196 рет
көрсетілді

Ертең, яғни 2 наурыз күні Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде «Барыс» пен «Трактор» арасында бесінші матч өтеді. Қос команданың теке-тіресі қандай есеппен аяқталуы мүмкін? Осы жөнінде tennis.kz букмекерлік компаниясы болжам жасады. Матч челябіліктердің айдынында өтетіндіктен букмекерлер «Тракторды» фаворит деп есептеген екен. Айдын иелерінің еншісіне 1.97 коэффициент беріп отыр. Ал «Барыстың» жеңісі үшін – 3.26 коэффициент. Тең есеп – 3.82. Айта кетейік, қос команда арасында төрт матч өтті. Жалпы есеп 2:2. Алғашқы ойында астаналықтар 5:2 есебімен жеңген болса, келесі матчта 1:5 болып ұтылды. Ал үшінші матчта Эдуард Занковец шәкірттері 3:1 есебімен басым болды. Дегенмен, кеше «Барыс Аренада» өткен ойында «Трактор» 2:1 есебімен жеңісті еншілеген болатын.