Іріктеу турының нәтиесі бойынша «Аялаған Астана-2017» V Республикалық телевизиялық балалар байқауының финалына 12 қатысушы өтті. Қатысушылар еліміздің әр қаласынан келеді.
«Аялаған Астана» конкурсының іріктеу кезеңі 1 қаңтар мен 15 ақпан арасында өткен болатын. Келіп түскен 300 өтінімнің ішінен финалистерді бас продюсер Лина Арифулина бастаған комиссия анықтады. Кандидаттардың видеожазбаларын тыңдау нәтижесінде «Аялаған Астана» конкурсының финалына келесі конкурсқа қатысушылар өтті:
Әлібек Азамат (Алматы)
Бейбарыс Айтмұғамбетов (Ақмола облысы, Ерейментау қ.)
Мәди Аманбаев (Жезқазған)
Арайлым Берік (Қызылорда)
Карина Болат (Астана)
Айдана Жалелова (Семей)
Әмина Жапар (СҚО, Тайынша қ.)
Илья Кошиков (Қарағанды)
Томирис Маратқызы (Астана)
Алан Мерғали (Орал)
Аялан Мұқанов (Қостанай)
Луиза Нұрқуатова (Ақтау)
Енді көктемгі демалыс күндері сайыскерлер Астана қаласына келіп, бір апта бойы конкурстың ақтық кезеңіне дайындалады. Ал 2 сәуірде «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін ақтық шоуда өнер көрсетеді. «Аялаған Астана-2017» байқауының жеңімпазы – Халықаралық «Детская новая волна» байқауында республикамыздың намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады. Гран-при иегерін тек қазылар алқасы бағалап қоймай, «Қазақстан» телеарнасының көрермендері де СМС-дауыс беру арқылы таңдайды.
«Аялаған Астана» байқауы бес жыл қатарынан Қазақстанның түпкір-түпкірінен талантты балаларға өздерінің вокалдық дарынын көрсетуге және ең мықтылармен орындаушылық шеберліктерімен сайысуға мүмкіндік береді. Байқауға 7-13 жас аралығындағы балалар қатыса алады.