• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2017

Конституцияның 23 бабына өзгеріс енгізіледі

216 рет
көрсетілді

Осыдан бір айдан астам уақыт бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Үндеу арнап, елімізді әлеуметтік-экономикалық және демократиялық дамыту мақсатында аса маңызды саяси мәселе туралы бастама көтерген болатын. Онда өкілеттіктерді билік тармақтары арасында қайта бөлу жайында айтылған еді. Осы мақсатта Өкілеттіктерді мемлекеттік билік тармақтары арасында қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобы құрылып, атал­ған мәселе бір ай бойы халық­тың ашық талқысына ұсынылған болатын. Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаты­суы­­­мен аталған Жұмыс тобы­ның қоры­тынды отырысы өтті. Онда азаматтардан түскен ұсыныс-тілектер сараланды. Талқыланып отырған мәселеге байланысты Елбасы өзінің пікірін ортаға салды. Мемлекет басшысы Жұмыс тобы бүкілхалықтық талқылауға шығарылған конституциялық реформалар жобасына қатысты ұсыныс­тарды жинақтау, пысық­тау, талдау және талқылау жөнінде ауқым­ды іс атқарғанын атап өтті. – Өзімнің конституциялық құқығым­ды пайдалана отырып, мен референдумға шығармай-ақ, Парламентте талқылау арқылы Негізгі Заңға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдадым, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев енгізілетін өзгерістердің бәрі еліміздің дамуына ерекше серпін беретінін және бұл қадам біз үшін маңызды екенін атап өтті. – Біз Қазақстанның саяси моделін – през­и­денттік республиканы сақтап қала­тынымызды айтып өткен жөн. Мем­лекет­тік басқару жүйесі заман талабына сай икемді болуға тиіс. Жүр­гізілген реформалар нәтижесінде билік өкілеттіктерінің бір бөлігі биліктің бір тармағынан екіншісіне беріліп, өкілді органдардың Үкімет пен атқарушы органдарға қатысты жүргізетін бақылау функциялары күшейтілетін болады, бұл оларды кәсібилендіруге және халық би­лігі қағидаттарын бекітуге бағытталады. Бізге халқымыздың болашағы үшін маңызды құжат мәселесін шешу керек, бүкіл­халық­тық талқылаудың қоры­тын­ды­сын шығарып, оны Парламент­тің қарауына енгізу мерзімін анықтау қажет. Конституцияның 23 бабына және заңдарға 35 өзгеріс енгізілетіні бел­гілі болды. Енгізілетін өзгерістердің басты мәні – Президенттің бірқатар өкілет­тіктерін биліктің басқа тармақтарына қайта бөлу, – деді Елбасы. Мемлекет басшысы басқарудың президенттік моделінің табыстылық факторына, соның арқасында еліміздің әлемдік қоғамдастықта танымал болға­нына, халықтың әл-ауқатының артып, оны бұдан әрі жақсарту жөнінде жоспар­лы жұмыстар жүргізіліп жатқанына қатысушылардың назарын аударды. – Елімізде іске асырылып жатқан Бес институттық реформаға және Қазақстан халқына арналған жаңа Жол­дауға сәйкес, республикамыздың саяси жүйесі де нақты өзгерістерді қажет етіп отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Жұмыс тобының жетекшісі Әділбек Жақсыбеков Қазақстан Президентіне Конституциямен қатар, ел заңдарына да өзгерістер енгізуді көздейтін билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөнінде ұсыныстар әзірленіп жатқаны туралы баяндады. – Жұмыс тобының мүшелері бүкіл­халықтық талқылау барысында түскен ой-пікірлердің, сауал­дар мен ұсыныстардың бәрін тіркеді. Президент Әкімшілігі кез келген азаматтың өз материалын жолдауы үшін арнаулы пошта мекенжайларын ұйымдастыр­ды. Жұртшылық ұсынылған реформаларды талқылау жөнінен жоғары белсенділік көрсетті. Ұсыныстар барлық өңірден, халықтың барлық тобынан келіп түсті. Ғалымдар, заңгерлер, қоғам қайраткерлері мен бизнес өкіл­дері түрлі ой-пікірлерін жолдады. Ұсы­ныстардың көп бөлігі талқылаудың соңғы күндерінде түсті. Мұның бәрі конституциялық реформаларды қоғамда талқылау жөніндегі Сіздің шешіміңіздің дұрыс болғанын көрсетіп отыр, – деді Ә.Жақсыбеков. Сондай-ақ, Президент Әкімшілігі­нің Басшысы азаматтардан Конституция­ның 63 бабына қатысты 6 мыңнан ас­там ұсыныс келіп түскенін, олар Негіз­гі Заңның барлық тарауын қамтитынын мәлімдеді. – Ұсыныстар әртүрлі және олар бүкіл­халық­тық талқылауға шығарылған нормалар жоба­сымен ғана шектел­мейді. Бұлардың бәрі бірнеше бөлік бойын­ша жүйелендірілді. Мемлекет басшысы­ның мәр­тебесі мен өкілеттігін айқын­дай­тын бөлім­ге қатысты 40-тан ас­там ұсыныс түсті. Рефор­маның мақ­саты Президент өкілет­тік­терін билік­тің басқа да тармақ­тары­на қайта бөлу болғанына қарамас­тан, ұсыныстар­дың көпшілігі Мемлекет басшысы­ның өкілеттігін нығайтуға бағыт­та­лып отыр. Жалпы, Парламенттің өкі­лет­тігіне қатысты, оның Үкіметті жасақ­­таудағы рөлін күшейту бастама­сын қолдауға бағытталған 88 ұсыныс келді. Атап айтқанда, парламенттік респуб­ликаға өту, бір палаталы Парламент жасау, депутаттарды мажоритарлық жүйе қағидаты бойынша сайлау туралы ұсыныстар болды. Депутаттық корпусқа бір реттен артық үміткер болуға шектеу қою, жас шамасын арттыру сияқты талаптарды күшейту ұсынылды, – деді Жұмыс тобының жетекшісі. Бұған қоса, Ә.Жақсыбеков Парла­мент алдын­дағы есептілігін күшейту­ге қатыс­ты Үкі­меттің мәртебесі мен қызметі жөнін­дегі ұсыныс­тарға тоқ­талды. Олардың қатарын­да Үкі­меттің бүкіл құрамын міндетті түрде Мәжі­ліс­пен келісу, оның тек Мәжіліс алдын­да ғана емес, тұтас Парламент алдында есепті болуы туралы талапты бекіту мәселесі бар. Президент Әкімшілігінің Басшысы сөзін түйіндей келіп, Конституциялық кеңесті қалыптастыру тәртібін өзгертуге және оны Конституциялық сот ретінде қайта құруға бағытталған ұсыныстарды атап өтті. Келіп түскен ұсыныстардың басым көпшілігі құқық қорғау органдары мен соттардың өкілеттігіне қатысты болғаны хабарланды. Мемлекет басшысы азаматтардан келіп түскен түрлі сипаттағы әр алуан пікір­лер мен ұсыныстар біздің қызметі­мізде кемшіліктер мен олқылықтар бар екенін көрсететінін, алдағы жұмыс бары­сын­да оларды жою қажеттігін айтты. Отырыс барысында Жұмыс тобының барлық мүшесі сөз сөйледі. Атап айтқан­да, Қазақ­стан Республикасы Конс­­ти­­ту­циясының қол­даныстағы редак­ция­сында меншік құқы­ғына қатыс­ты 26-бапқа ұсынылған түзетулер талқы­лан­ды. Жұмыс тобы мүшелері атал­ған нор­м­аға ұсы­нылған өзгерістерге қатыс­ты халық­тан түрлі ұсыныс түскені туралы айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азамат­тары­ның пікірін ескеріп, 26-бапқа өзгеріс енгізбеуді ұсынды, сондай-ақ, заңнаманы жетіл­діру және оның негізгі ережелерін түсін­діру шараларын одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге, Жұмыс тобы­ның мүшелері Мемлекет басшысын ел аза­мат­­тары­ның көпшілігі пәрменді прези­денттік вертикальді билікті сақтау қажеттігін айтып, кейбір өкілеттіктердің қайта бөлінуіне алаңдаушылық білдіріп отырғаны туралы хабардар етті. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев ұсы­ныл­ған түзетулерді талқылау бары­сын­да ел азаматтары жоғары бел­сен­ділік танытқанын айта келіп, алдағы реформаның маңыздылығы мен өзекті­лігін тағы бір мәрте атап өтті. – Мемлекет құрылымына ұсыныл­ған өзгерістер қоғамымызды демокра­тияландыру ісін күшейтіп, халық билігінің негізін одан әрі нығайту­ға, Пар­ламенттің рөлін, Үкіметтің президенттік бас­қару нысаны алдын­дағы дербестігі мен жауап­кершілігін арттыруға бағыт­талған. Реформаның түпкі мәні де осын­да жатыр. Бұған қоса, құқық қорғау және сот жүйесі қыз­метінің конституциялық негізі жаң­ғыртылады, конституциялық қадағалау жүйесі жетілдіріледі. Кон­с­ти­ту­циялық құрылымымыздың мыз­ғы­мастығына деген кепілдік те бекем бола түседі. Жақын арада Конститу­цияға енгізілетін өзгерістер жобасы Парламентке тал­қылау үшін ұсынылатын болады, – деді Қазақстан Президенті. Отырысты қорытындылаған Мемле­кет басшысы Жұмыс тобының барлық мүшесіне табысты және маңызды тарихи жұмыстары үшін алғыс айтты. Бауыржан МҰҚАНОВ, «Егемен Қазақстан» Сурет Президенттің баспасөз қызметінен алынды