• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Қызылордада алғыс айту күнін атап өтті

229 рет
көрсетілді

1 наурыз күні Қызылордада Алғыс айту күніне орай Достық үйінде мерекелік іс-шара өтті. Аталмыш мереке Қазақстанда өткен жылдан бері атап өтіледі. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қызылордалықтарды мерекелерімен құттықтады. - Алғыс айту күні – бұл ең алдымен, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан азаматтардың бір-біріне, ортақ тарихымызға құрмет көрсетуі және өзара қолдау күні. Бүгін залда әртүрлі буын, ұлт, дін өкілдері мен мамандық иелері отыр. Бірақ бізді өзара құрмет пен түсіністік, игі істер мен ізгі мейірімділік тоғыстырады. Қоғамдық келісімді нығайтуға, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқандарыңыз үшін сіздерге үлкен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер, - деді облыс әкімі.