Қостанайда еліміздегі ең қарт әжей тұрады. Бүгін 115 жасқа толып отыр. Ғасырдан да ұзақ ғұмыр кешкен кейуананың денсаулығы бірқалыпты. Өздігінен жүріп-тұра алады. Ас үйге өз аяғымен барып, өзі тамақтанады. Қимылы ширақ, ойы сергек, тіпті әлі күнге дейін кітап оқиды, деп хабарлады tengrinews.kz.
Санаулы жылдардан кейін қостанайлық Марфуға Селтеткенованың есімі Гиннестің рекордтар кітабына планетамыздың «Ең қарт тұрғыны» есебінде жазылуы мүмкін.
Әжей 1902 жылы, 3 наурызда туған. Ұлт-азаттық көтеріліс, соғыс жылдарының куәсі болған. Кейуананың тұңғыш қызы – 97 жаста. Ол Өскемен қаласында тұрады. Келіні – 93 жаста. Марфуға әжейдің анасы 123 жасында дүниеден озған.
Айта кетейік, Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең ұзақ жасаған әйел Осакалық Мисао Окава Жапон елінен шыққан.