• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2017

Том Леффлер: Головкин Джейкобсты жеңуі тиіс

134 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер Boxingscene.com басылымына берген сұхбатында спортшының алға қойған мақсаты жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды sports.kz. «GGG 18 наурызда қажетті нәтижеге қол жеткізсе, шешімін таппай тұрған мәселелері шешіледі. Менің ойымша, қазіргі уақытта одан қашып жүргендер  Головкинмен рингте кездесуге асығатын болады. Головкин мен Канело айқасы спорттағы үлкен оқиға болары анық. Әсіресе, жанкүйерлер мен журналистер осы жекпе-жекті талап етуде. Головкин көптен бері орта салмақтағы барлық белбеулердің басын біріктіріп, нағыз нағыз чемпион атануды армандап жүр», - Леффлер. Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі  Madison Square Garden аренасында өтеді.