• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2017

Жалпыхалықтық талқылау ой мен сөз еркіндігінің көрінісі

255 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палатасының бірлескен отырысында ел тағдырының аса маңызды мәселесі Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі мәселе қаралды. Өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев конституциялық өзгерістердің тарихи маңызы жөнінде ұлағатты сөз айтты. Қазақстанның кезекті демократиялық қадамы кезінде Конституциялық өзгерістерге бүкілхалықтық талқылау барысында келіп түскен ұсыныстардың барлығы егжей-тегжейлі зерттеліп, олардың барлығы да осы қос палатаның бірлескен отырысына ұсынылып отырғанын Елбасы өз сөзінде айтып өтті. Біздің қоғам өсіп-өркендеп, тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығында әлемдік аренаға танылған мемлекеттердің біріне айналды. Елбасы осы конституциялық реформаларды бүкілхалықтық талқылауға ұсынған кезінде сөйлеген сөзінде «Дүние өзгеріп келе жатыр. Сондықтан біз де заманның үдерісіне қарай, заман­ның талабына қарай өзіміздің мемлекеттік жүйемізді өзгер­тетін реформалар жасауымыз керек», деген болатын. Осы жолғы талқылауға бүкіл қоғамдық ұйымдардың, барлық қазақ­стан­дықтардың ой-пікірлерінің ашық айтылуына жағдай жасал­ғанын көріп отырмыз. Баспасөзде, теледидарда, интернет желі­лерде осы мәселе айқын талқыланды. Осыған қарағанда қазақ­стандық қоғамның демократиялануы, мемлекеттіктің нығайғаны, еліміздегі ынтымақ пен бірліктің нығайғаны байқалады. Қос палатаның бірлескен отырысында күн тәртібіне қойылған мәселе біздің мәңгілік ел болуға, ең дамыған отыз елдің қатарына қосылу жолында өзіміздің елдік мүддемізді орындауға толық мүмкіндік беретін өзгеріс болатынына бек сенімдіміз. Жабал ЕРҒАЛИЕВ, Парламент Сенатының депутаты