• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2017

Үкіметтің жауапкершілігін жоғарылататын реформа

152 рет
көрсетілді

  Президенттің кей құзыреттерінің заң шығарушы органға берілуі Парламенттің рөлін күшейтеді және Үкіметке экономиканы басқару, яғни мемлекеттік бағдарламаларды бекіту, оның орындалуын қамтамасыз ету функциясы берілетін болады. Осы арқылы Үкіметтің Парламентке өзі­нің атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп беруі заң шығарушы органдардың атқарушы билік жұмысының сапасына бақылау жасауына мүмкіндік бермек. Менің ойымша, бұл Үкіметтің халық алдындағы, Парламент алдындағы жауапкершілігін арттыратын болады. Сонымен қатар, Парламенттің жалпы бақылау функциясын кеңейтуге өз әсерін тигізеді. Өйткені, Үкімет Парламентке өзінің шешімдері туралы, негізгі бағыттары туралы баяндап отырады. Сол кезде депутаттар Үкімет шешімдеріне түзету енгізуге мүмкіндік алады. Бұл жалпы еліміздің дамуына оң әсерін тигізетін болады. Нұртай САБИЛЬЯНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты