• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2017

Жарқын болашақ кепілі

266 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік­тің ал­ғаш­қы жыл­дары ел­­дің тұтас­тығын қам­тамасыз ету үшін Президенттік инс­титуттың мүм­кіндіктерін тұрақтандыру қажет болды. Өйткені, уақытты тек пікір­талас­пен өткізбей, қоғамның дамуына қа­жет­ті, елдің болашағы үшін маңызды рефор­малар жүргізу керек еді. Сол кезде Пре­зи­денттің жасаған реформаларына халық бірауыздан қолдау көрсетті. Сондықтан, уақыт жоғалтпай сол реформалар дереу іске асырылып, тиімді жүргізілді. Енді Президенттің ұсынған жобасы бойынша кей өкілеттіктер Үкімет пен Парламентке беріліп отыр. Өйткені, елдегі орындалуы кенжелеп жатқан жұмыстар мен атқарылып жатқан істерді Президентке телімей, керісінше, Президент халықтың бүкіл талабын ескере отырып еліміздің мүмкіндіктерін арттыруы керек. Осы орайда, Үкімет пен Парламенттің жұмыс істеу қабілеттерін арттыру көзделген. Бүгін Парламент пен Үкіметке беріліп отырған өкілеттіктер елдің ертеңіне жұмыс істейтініне біз кәміл сенеміз. Бұл бір жағынан еліміздегі азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға оң ықпал етеді. Алысқа бармай-ақ, бүгінге дейін осы жоба аясында келіп түскен алты мың ұсыныстың өзі біздің қоғамның белсенділігін көрсетеді. Ешкім де бей-жай қарап отырған жоқ. Бұл халықтың бүгінгі белсенділігі мен ертеңгі күнге деген жауапкершілігін сезінетіндігінің көрсеткіші. Қуаныш СҰЛТАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты