• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2017

Тәуелсіздік пен Елбасы егіз ұғым

257 рет
көрсетілді

«Конституциялық өзгеріс­терден кейін, ең алдымен, Үкі­мет­тің өкілеттігі артып, Пар­ла­менттің рөлі күшейеді. Мы­­салы, 70-бап­тың 1-тар­ма­ғына Үкімет жаңа­дан сай­лан­ған республика Пар­ла­менті Мәжілісінің алдында өз өкі­леттігін доғарады» деген өзгеріс ен­гізу ұсы­н­ы­лып отыр. Бұл елеулі жаңалық. Түзету қабыл­д­анған жағдайда Үкімет мүше­лерін қай­та­дан жасақтауда парламенттік пар­­тия­лардың, соның ішінде жеңімпаз партия­ның рөлі мен жауапкершілігі күшейе­ді. Партиялардың халық билігін жүзеге асырудағы мүмкіншіліктері артып, билік пен халық арасын бұрынғыдан да жақындата түседі. Сонымен қатар, Конс­титуцияда Тұңғыш Прези­дент – Елбасының мәртебесін Ата Заңда бекіту туралы ұсы­нысты толық қолдаймын. Пре­зи­дентіміздің тек заң саласында ғана емес, Тәуелсіз Қазақ­станымызды алға жетелеу жолын­дағы әлем мойындаған теңдессіз қайраткерлігін бағалай отырып, әріптесіміздің 91-баптың 2-тармағы бойынша ұсынысын өте орынды деп ойлаймын. Себебі, Тәуелсіздік пен Елбасы егіз ұғым. Екеуі де біздің айбынды мемлекетіміздің айшықты бедері. Осы құндылықтардың Ата Заңымызда бекітілуі өте маңызды және қажетті. Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты