Конституциялық реформадан кейін жаңа өкілеттік алған Үкімет бұрынғы кем-кетіктерін қайталамайтындай жаңаша қызмет етуге көшуі тиіс. Ол үшін біз қазір бірден Министрлер Кабинетінің жұмысының тиімділігін арттыру Үкімет алдына нақты міндеттемелер қойып, оны дұрыстау үшін нақты мерзім белгілеуіміз керек. Ал егер онда да Үкімет жұмысынан өзгеріс көрінбейтін болса, нақты шаралар қолдану керек.
Жасыратыны жоқ, Елбасының бастамасымен қолға алынған осы конституциялық реформадан кейін Үкімет атына мұндай орынды сындар төтесінен айтыла бастайды. Ол алдымен азаматтық қоғам өкілдері тарапынан айтылмақ.
Бұл Үкіметтің халық пен азаматтық қоғам, Парламент және, ең бастысы, Президент алдындағы жауапкершілігін еселеп арттырады. Біз осы орайда, Үкіметтен үлкен жұмыс, нақты айтқанда тиімді қызмет күтеміз.
Павел КАЗАНЦЕВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты