• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2017

Әлемдік саясаттағы айрықша оқиға

271 рет
көрсетілді

2017 жылдың 3 нау­рызы тек Қазақ­стан­ның демократиялық дамуы­н­дағы аса маңызды бе­лес қана емес. Біз шын мәнінде әлемдік саясаттағы ай­рық­ша оқиғаға, тарихи оқиғаға куә болып отырмыз. Бұрынғы заман­нан да, бүгінгі заманнан да абыройдың ас­қарында тұрған ел басшысының өкі­леттіктерінің үлкен бір бөлігін өзі­нің бастама­шыл­дығымен мемлекет­тік биліктің басқа тармақ­тарына өз қолымен үлестіріп беруінің басқа мысалын таба алмаймыз. Жаңа мемлекет қа­лыптастыру­дың алғаш­қы белестерінен бас­тап Елбасымыз заңның үстемдігін ел өмірінің басты қағидаттарының бірі ретінде орнықтырған еді. Қазіргі конституциялық жаңғыруды да Президент заңдылықты толық сақ­тай отырып, конституция­лық негізде жүзеге асырды. Алдымен тұтас бір ай бойы Конституцияға ойластырылған өзгеріс­тер мен түзетулер бүкіл халықтың талқылауына салынды, барлық пікірлер ескеріліп, екшелді. Сөйтіп, барып Негізгі Заңға енгізілетін өзгерістер жоғары заң шығарушы органның қолымен атқарылатын болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бір­лескен отырысында сөйлеген сөзінде қазақтың «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген мақалын кел­тірді. Расында да, бір айлық бүкіл­халықтық талқылау барысында өткен он мыңға жуық іс-шараға екі миллионнан астам адам қатысқаны, Ата Заңымыздағы өзгерістерге байланысты өз пікірлерін ортаға сал­ғаны көп жайды аңғартады. Елбасы­мыз қоғамдық резонанс туғызған кей­бір баптар жөнінде халықтың жұмыл­ған тұғырнамасын қалыптастыру арқылы қандай түйінді де тарқата алатын даналығын тағы тамаша танытып отыр. Мұндай маңызды қадамның еліміз үшін тағдыршешті маңызы бар. Бұл біздің елдігіміздің есеюі­нің келісті көрінісі. Жиырма бес жыл­дың ішінде қалыптасқан қоғам­­дық қатынастар мемлекеттік билік­тің жоғары органдарының беделі биіктегенін, олардың кемеліне келе бастағанын көрсетеді. Жаңа жағдай нақ конституциялық реформаның қажеттігіне, өзгерістердің пісіп-жетілгеніне көз жеткізді. Осы арқылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз халқының даналығына сенетінін дәлелдеп отыр. Енді біз сол сенімге сай болуды қамдауымыз керек. Сауытбек АБДРАХМАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты