«Нұр Отан» партиясының құрылған күніне орай, Алматы қалалық филиалында партия белсенділері мен белгілі қоғам қайраткерлерінің, жастардың қатысуымен салтанатты жиын болып өтті.
Еліміздің Тұңғыш Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Нұр Отан» бүгінде ең ірі қоғамдық-саяси партияға айналды. Өзінің жүйелі қызметі, бағдарламалары арқылы халық алдында зор беделге ие болған партия әрқашан аймақтардағы қолдаушыларына сүйенеді. Республикалық құрылымда 1 мил-
лионнан астам мүшесі болса, Алматы қалалық филиалындағы 731 бастауыш ұйымда 85 мыңға жуық адам бар. Әрине, санмен бірге сапа да өскенін атап өткен орынды.
2016 жылы республикалық Желілік кестеге сәйкес қалалық филиал 3200 іс-шара өткізіп, оларда 300 мыңнан астам адам қамтылды. Фракция мүшелерінің қолдауымен тұрмысы төмен отбасылар үшін 10 млн теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.
Дәстүр бойынша Партия күні қарсаңында жаңадан мүшелер қабылданды. Мәселен, олардың арасында белгілі журналист, республикалық «Казахстанская правда» газетінің фототілшісі Юрий Беккер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Ерлан Біләлов, Алматы қаласы Индустриялық аймақтың қатысушысы, «BRB APK» жылыжай компаниясының директоры Нұрлан Әділхан, 28-ші қысқы Универсиада-2017 дирекциясының волонтерлармен жұмыс департаментінің директоры Абылай Қондыбаев, т.б. белгілі азаматтар бар.
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ