Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірістік жазатайым оқиға болып, кәсіпорын жұмысшысы мерт болды. Бұл туралы «Қазхром» ТҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қайғылы оқиға 20 сәуір күні болған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жұмысшы металл ұсақтау жұмыстарын орындау кезінде қаза тапқан.
Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
«Қазхром» компаниясы орын алған жағдай туралы мемлекеттік органдарға дереу хабарлаған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Маңғыстауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: Жұмысшы зардап шекті
Кәсіпорын басшылығы қаза тапқан жұмысшының отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.