• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 19:08

Павлодар облысындағы жол-көлік оқиғасында жас жігіт екі аяғынан айырылды

Павлодар облысында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар мінген такси көлігі жол жиегіндегі қорғаныс қоршауына соғылған. Апат салдарынан көліктегі үш адам зардап шеккен.

Зардап шеккендердің арасында 21 жастағы жолаушының жағдайы аса ауыр. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін екі аяғына ампутация жасауға мәжбүр болған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар