Дмитрий Бивол кәсіби мансабындағы 25-ші жеңісіне қол жеткізіп, үш чемпиондық титулын сәтті қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz
Ресей атынан сынға түсіп жүрген қырғыз елінің тумасы Екатеринбургте өткен бокс кешінде германиялық үміткер Михаэль Айфертті сенімді түрде жеңіп, үш чемпиондық белбеуін сақтап қалды.
Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек бокс кешінің басты оқиғасы болды. Кездесуде Дмитрий Биволға тиесілі WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық атақтар сарапқа салынды.
12 раундқа жоспарланған айқас толық өтіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Дмитрий Биволдың айқын жеңісімен аяқталды.