Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыстүстімет» ЖШС-не қарасты Артемьев шахтасында өндірістік жазатайым оқиға салдарынан жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
KAZ Minerals компаниясының мәліметінше, қайғылы жағдай 30 мамыр күні кешкі сағат 20:30 шамасында болған. Алдын ала деректер бойынша, оқиғаға тау жыныстарының опырылуы себеп болған.
Компания марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
Оқиғадан кейін учаскедегі барлық жұмыс тоқтатылып, арнайы комиссия мен уәкілетті органдардың қатысуымен тергеу басталды. Мамандар апаттың нақты себептерін анықтап, мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу шараларын қарастыруда.
Оқиға орнына KAZ Minerals тобы басқармасының төрағасы Андрей Третьяков барды.
Айта кетейік, 27 сәуірде осы компанияға қарасты Орлов шахтасында жазатайым оқиға тіркеліп, бір қызметкер көз жұмған болатын.
Айта кетейік, Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты.