• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гарросты» жеңіспен бастады

Жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатындағы алғашқы ойынын Заңғар Нұрланұлы жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін турнирдің 1/32 финалында 17 жастағы қазақстандық теннисші Ұлыбритания өкілі Марк Кебанмен кездесті.

1 сағат 37 минутқа созылған матчта Заңғар Нұрланұлы қарсыласын екі сетте жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Кездесу 6:3, 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Сенсациялық жеңіліс: Елена Рыбакина  «Ролан Гарростың» екінші айналымынан аса алмады

Енді отандасымыз 1/16 финалда жапониялық Мотохару Абэ мен америкалық Агасси Рашер арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Естеріңізге салайық, ересектер арасында «Ролан Гаррос» турнирінде Қазақстан атынан сынға түскен  Елена Рыбакина, Александр Бублик, Юлия Путинцева және Александр Шевченко жарыс жолын аяқтаған еді. Әзірге Анна Данилина ғана жекелей ойында өнер көрсетіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар