Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Сарайшық ауданындағы Қ. Аманжолов көшесінің жол бөлігінде автокөлік өртенген, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен апаттар медицинасы Орталығының қызметкерлері келген.
Куәгерлердің алдын ала ақпараты бойынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін автокөлікте газ-ауа қоспасының жарылысы болып, кейіннен өрт шыққан. Соның салдарынан жақын маңда тұрған бірнеше автокөлік зақымданған.
Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, олар қаладағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Оқиғаның себебі анықталуда.