• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2017

Қызметі туралы есепті ұсынды

108 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Шәкіров қолданыстағы заңнамаға сәйкес Президентке 2016 жылғы қызметі туралы есепті ұсынды, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі. Аталған құжат қаралған аза­мат­тар­дың шағымдары мен өтініштерін, мо­ниторингтік қызмет нәтижелерін, сон­дай-ақ, мемлекеттік органдармен, ха­лықаралық және үкіметтік емес құ­қық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қи­мылын талдау негізінде жасалған, Қазақстандағы адам құқықтары мен бос­тандықтарын іске асыру жағдайына шо­лу болып табылады. Бұл құжат ұлттық құқық қорғау ме­кемесі қызметінің нәтижелері мен адам құқықтарын қамтамасыз ету са­ласындағы өзекті мәселелерді, сон­дай-ақ, оларды қорғау тетіктерін же­тіл­діру бойы­нша ұсыныстарды қам­тиды. Мемлекет басшысының қарау қо­рытындысы бойынша қажетті іс-ша­ра­ларды іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.