• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2017

Елбасы Қорының сыйлығын кімдер алды?

216 рет
көрсетілді

Биыл Елбасы Қорының сый­лығы то­ғы­зыншы рет тапсырылып отыр. 2008 жылы та­ғайын­далған сыйлыққа осы уақытқа дейін 160-тан астам дарынды жас ие болған. Мәдениет пен өнер, білім мен ғылым салаларында жемісті еңбек етіп, өздерін мәдени, ғылыми орталарда таныта алған жастардың жетістіктерін мойындау, сондай-ақ, оларға қолдау көрсету мақсатында тағайындалған бұл сыйлыққа биыл да еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер көп болған. Қор сыйлығын тағайын­дайтын комиссия 127 өтінімнің ішінен 18-ін үздік деп тауыпты. Шара барысында сыйлық иелеріне құттықтау сөз арнаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев: «Президент Қорының міндеті – жастардың жаңа буынын қалыптастыру. Біздің лауреаттарымыз бүгінгі күні кәсіби маман ретінде танымал болып отырғаны қуантады», деп атап өтті. Қордың биылғы сыйлығы бұйырған үміткерлер арасында «Астана Опера» мемле­кеттік опера және балет театрының жетекші солисі Талғат Мұсабаев, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемле­кеттік академиялық қазақ музы­калық-драма театрының актері Сырым Қашқабаев, «Астана Опера» мемлекеттік балет және опера театры балет труппасының жетекші солисі Мәдина Басбаева, бүгінгі күні Қытайда өтіп жатқан «I am a singer» байқауына қатысып, жүлделі биіктен көрініп жатқан жас әнші Димаш Құдайбергенов сынды өнерлі жас­тар бар. Бір айта кетерлігі, Елбасы Қорының сый­лығы өнер мен ғылым саласына тең бө­лінген. Яғни, өнерлі жастар мен ғылым-білім­дегі жастардың ара салмағы тең есептелген. Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан» Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»