• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2017

Алматы қаласында автобус жанып кетті

101 рет
көрсетілді

Алматы қаласында автобус жанып кетті, деп хабарлады қаланың төтенше жағдайлар қызметі. Оқыс оқиға Рысқұлов даңғылы мен Розовая көшесінің қиылысында болды. Өрт туралы хабарлама сағат 06:52-де келіп түскен. «Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 06:59-да келді. Олар келгенде «Daewoo BS-90» маркалы автобус лаулап жанып жатты», - деп хабарлады Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Қызыл жалын сағат 07:11-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.