Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «The Boston Consulting Group» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру мәселелері талқыланды.