• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2017

Ақтаудан Ыстанбұлға тікелей рейс ашылады

154 рет
көрсетілді

26 наурыздан бастап Ақтаудан Ыстанбұлға тікелей рейс шығады, деп хабарлады tumba.kz. Өткен айда Түркияның «Atlasglobal» авиакомпаниясы мен ҚР Көлік комитеті Қазақстан (Ақтау) -Түркия халықаралық авиа желісі бойынша тұрақты авиатасымалдау туралы келісім жасасты. Бұл туралы жаңа рейстің таныстырылымында «Atlasglobal» директоры Орхан Санжар хабарлады. «Бұдан бұрын, 7-8 жылдай біз Ақтаулықтармен жұмыс істедік. Бізде чартерлік рейстер болды, соңғы 2 жылда бұл рейстер жабылып қалған. Міне, енді біз келісімшарт негізінде рейстерді қайта ашқанымызда бұрынғы тұтынушыларымыз жылы лебіздерін білдіріп жатыр, деді Орхан Санжар. Авиакомпания директорының айтуынша, 26 наурыздан бастап Түркиядан Ақтауға, 27 наурыздан бастап Ақтаудан Түркияға ұшақтар ұша бастайтынын айтты. Билеттің құны екі жаққа шамамен 70 мың теңгені құраса, бизнес-класс құны - 141 мың теңге. Одан әрі компания рейстер санын ұлғайтуды жоспарлауда. Қазір «Atlasglobal» авиакомпаниясы Түркияның әр қалаларына ұшырылымды қамтамасыз етуде.