Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасындағы Еуропа Кубогының алғашкы күні жерлестеріміз 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алтынды 60 келі салмақта Нұрзат Сәлімбаев жеңіп алса, күміс жүлде 52 келі салмақта сынға түскен Меруерт Сарсеноваға бұйырды.
Ал төрт қола медальды 50 келіде Ерлан Оңалов пен Ерхан Ғаббасов, 66 келіде Дастан Шаяхметов және қыздар арасында 40 келіде бақ сынаған Сара Күлім жеңіп алды.