Батыс Қазақстан облысында қос бірдей көпір пайдалануға берілді. Енді Садовое мен Зеленое ауылдарының халқы Шаған өзенінің екі жағалауына еркін қатынайды, деп хабарлады 24.kz.
Қос нысанның құрылысына жергілікті бюджеттен 90 млн теңге қаржы жұмсалған. Ұзындығы 110 метр болатын көпірді мердігер кәсіпорын жоспарлаған уақытында салып шықты.
"Сайлауалды бағдарламада қазіргі депутаттар келіп халықпен кездескен болатын. Сол халықтың мұң-мұқтажы, өтініші осы көпір болды. Енді қуанышымызда шек жоқ. Қиындықты тез ұмытып, жақсыға жылдам үйрену заңдылық. Дегенмен, «жаңа нысанды күтіп ұстау тұрғындардың міндеті», - дейді Зеленов аудандық мәслихатының депутаты Рамазан Исмағұлов.