• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2017

Facebook сериал түсіруді қолға алды

114 рет
көрсетілді

Facebook әлеуметтік желісі жеке видеоконтентін шығарады. Бұл туралы Wall Street Journal хабарлады. Facebook аптасына бір рет шоу форматында 30 минуттық роликтер, бағдарламалар сондай-ақ, сериалдар көрсетуді жоспарлап отыр. Тақырыбы жағынан спорт, ғылым, поп-мәдениет, өмір стилі, видеоойындар болмақ. Ал ақпараттық видеолар түсіру жағы әзірге қарастырылып жатыр. Бір видеоның құны шамамен 500 мың долларды құрауы мүмкін. Осыған дейін Марк Цукерберг Facebook базасында жаһандық қоғамдастық қалыптастыру үшін әлеуметтік инфрақұрылымды дамытумен айналысуға ниетті екені мәлімдеген болатын.