• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2017

Мосул қаласын 45 мың тұрғын тастап шықты

100 рет
көрсетілді

Соңғы 9 тәулік ішінде Мосул қаласының батыс бөлігін 45 мың тұрғын тастап кетті. Бұл аймақтан көшіп жатқандар қатары күн санып көбейіп келеді. Мұндай мәліметті Халықаралық көші-қон ұйымы таратты, деп хабарлады 24.kz. Бұған дейін АҚШ басқаратын коалиция көмегімен Ирак әскері шаһардың орталық бөлігін азат етуге кіріскен болатын. Айта кету керек, Мосул қаласын «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымының» содырлары 2014 жылы басып алған. Содан бері жұрт билік әскеріне қарай қашып жатыр. Ал үкімет жасағы қаланы азат ету үшін өткен жылдың қазанында кіріскен. Қазір Мосул шығысы қаскөйлерден толықтай ада болып, қалыпты өмірге көше бастады. Дегенмен, батысында әлі де лаңкестер билік құрып тұр.