• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2017

"Барыс" пен "Металлург" арасындағы ойындардың күндері белгілі болды

158 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңінің екінші раундында Астананың «Барысы» мен Магнитогорскінің «Металлург» командасы қашан кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды sports.kz. Екі матчтық серия Магнитогорскте басталып, 9 және 11 наурыз күндері тартысты ойын болмақ. Одан соң сайыс 13 және 15 наурыз күндері Астанада жалғасын таппақ. Егер 4 ойында жеңімпаз анықталмаса 17 (Магнитогорск), 19 (Астана) және 21 (Магнитогорск) наурыз күндеріне тағы кездесу белгіленеді. «Металлург» пен «Барыс» кездесуінің алғашқы ойыны 9 наурыз күні Магнитогорскідегі «Металлург Аренада» Астана уақытымен 20:00-де басталады.