• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Елбасы Путинмен телефон арқылы сөйлесті

98 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федера­циясының Президенті Владимир Путинмен теле­фон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Алматыдағы соңғы кездесулерінде қарас­тырылған мәселелер тұр­ғы­сынан екіжақты ынтымақтас­тықтың мейлінше өзекті жайттарын талқылады.

Мемлекет басшылары Вла­димир Путиннің таяуда Тәжік­стан мен Қырғызстанға бар­ған сапарына байланысты күн тәр­тібіндегі өңірлік мәсе­ле­лер жөнінде пікір алмасты. Ресей Президенті жаңа ғана аяқталған Женева келіс­сөздері аясында сириялық оппозицияның әскери құры­лым­дарының Сирия­дағы дағдарысты реттеу мәсе­ле­леріне арналған кезекті кез­десуін биылғы наурыз айы­ның ортасында Астанада өт­кізуге ниетті екенін айтты. Қазақстан Президенті мұн­дай келіссөздерді ұйым­дастыруға дайын екенімізді мәлімдеді. Телефон арқылы сөйле­суге Ресей жағы бастамашы болды.