• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

«ҚазТрансГазАймақ» Еуропалық сапа менеджменті қорының сертификатын алды

292 рет
көрсетілді

Астанада газ саласындағы ұлттық оператордың өндірістік компаниясы "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-қа Еуропалық сапа менеджменті қорының 5-деңгейлі "Мойындалған кемелділік" сертификатын табыстауға арналған ресми шара өтті. Отандық өндірістік компания осындай жоғары дең­гей­лі сертификатқа тұңғыш рет қол жет­кізді. Бұл – тек «Қаз­Транс­Газ­Аймақ» АҚ үшін емес, сонымен қа­­тар кәсібінің са­пасын көтеруге ниет­ті қазақстандық өзге де ком­па­­ниялар үшін айтулы оқиға. Еуропалық сапаны басқару қо­ры мойындаған кәрі құрлық­тағы мұн­дай компаниялар үздіктер­дің үз­дігі саналады. Дегенмен, олар осы жетістігімен тоқтап қал­май­­ды. Сертификатты иеленген ме­­кеме нарықта қалыптасқан жағ­дайға байланысты басқару про­­цестерін одан әрі жетілдіре бе­руге мүдделі болады. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қыз­метін EFQM-де тіркелген бе­делді сарапшылар арнаулы 9 түрлі өлшем бойынша бағалады. Бұлар – көшбасшылық, білікті қыз­меткерлер, әріптестік пен ре­сурстар, өндірістік үдерістер, өнім­дер мен қызмет түрлері, тұ­ты­нушыларға арналған нәтиже, қыз­меткерлерге арналған нәтиже, қо­ғамға арналған нәтиже, биз­нес­т­ің шешуші нәтижелері. Айта ке­ту керек, газ саласын­д­ағы ұлт­тық оператор үшін биз­нес-про­цестерді жетілдіру – компа­ния­лар тобында әрдайым ба­сым­дық берілген ең маңыз­ды мәселелердің негізгісі болып та­былады. Бұған «ҚазТрансГаз» АҚ-тың «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ жүргізіп отыр­ған транс­формациялау және оңтай­лан­дыру бағдарламасы бойынша үз­дік саналуы дәлел бола алады. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бас директоры Манас Тасыбаев сер­тификаттың табысталуы ұлт­тық оператордың қызметінің же­тістігін мойындау деп санай­ды. «Осындай сертификаттар мен жоғары бағаға біздер бі­рі­гіп қол жеткіздік, – деді Ма­нас Та­сыбаев. – Дегенмен, біз­дің жұ­мы­сымызға берілген бұл баға біз­­ге жауапкершілігі жо­ға­ры мін­­деттер де жүктейді. Сон­дық­тан да әрі қарай да тынбай қыз­мет етіп, абыройымызды артты­рып, инвестициялық тар­тым­ды­лық пен несиелік се­нім­ділікті жо­ғал­т­па­у­ымыз қа­жет». «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қыз­меті 2013 жылдан бері ба­ға­ланып келеді. Содан бері ком­пания менеджменттің ха­лықаралық стандарттарын ен­гі­зіп, сапаны, экологиялық ас­пектілер мен өндірістік қау­іп­­сіздікті басқарудың тиімді ин­теграцияланған жүйесін құ­ра білді. Компания иеленген Франция­ның AFNOR агенттігінің ISO халықаралық стандарттары осы­ның айғағы болып табылады. Отандық компаниялардың еуропалық сапа стандарттарына сай болуын Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап өткен бо­латын. Елбасы қазақстандық кәсіпорындардың басшыларын өнімге деген сұраныстың жоғары болуын қатамасыз етіп, заман талабына сәйкестендіру үшін өндірісте инновациялық жетістіктерді енгізуге шақырды. EFQM атынан салмақты ма­ра­патты табыс еткен «Қазақ­стан­­дық сапа ұйымы және инно­вациялық менеджмент» қо­ғам­дық ұйымының президенті Азат Абдрахманов мұндай ба­ға Қазақстанның өндірістік ком­паниялары үшін айтулы оқи­ға болып табылатындығын атап өтті. «Бұл – қол жеткізілген нә­ти­желерге берілген жоғары ба­ға. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ «BMW», «BOSCH», «Grundfos» сия­қты әлемге әйгілі компания­лар енген, мойындалған еуро­па­лық компаниялардың қа­та­рына қосылды. Компания­ның бұлайша танылуы шет­ел­дік инвесторлардың қызы­ғу­шы­лы­ғын әлдеқайда арттырады», деді Азат Абдрахманов. «Мойындалған кемелділік» EFQM сертификаты – Еуропаның биз­нес саласындағы ең беделді жүл­делердің бірі саналады. Еуропа елдерінің сапаны ба­қы­лау саласындағы ұлттық және ай­мақтық деңгейдегі өзге марапаттары соған қарап бой түзейді. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»