• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Ана мен балаға айрықша көңіл

171 рет
көрсетілді

Ежелден «Бір қозы артық туса, бір түп жусанның да ар­тық шығатынын» ұғынған халқы­мыз ана мен балаға айрық­ша көңіл бөлген. Бұл күнде демогра­фия­лық өсуді басты назарға алған еліміз үшін өңірлердегі көрсет­кіш те едәуір жақсарған. Жуыр­да ғана Тараз қаласында №1 қала­лық аурухана жанынан 25 орындық босану бөлімшесі ашыл­ған болатын. Ашылғанына апта тол­маған перзентхана сол күннен бастап-ақ жүкті әйелдерді қабыл­дап, онда күні бүгінге дейін 8 сәби дүние есігін ашты. Бұл – өңіріміздегі көп салалы аурухана жанынан құрылған алғашқы перзентхана. Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқар­масының ана мен бала ден­саулығын қор­ғау бөлімінің басшысы Құралай Сарина аталған перзентхана Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің аймақтандыру бағдар­ламасына орай ашылып отырғанын айтады. Сонымен қатар, бұл бо­сану бөлімшесі бірінші деңгейлі болып есептеледі. Мамандардың айтуынша, мұнда денсаулығы қалып­ты, жүкті­лік кезеңінде ешқан­дай оқыс жағдайлар, асқынулар болмаған әйелдер қабылданады және жыл сайын орта есеппен 2500-3000 сәби осы шаңырақта дү­ниеге келеді. Сондай-ақ, перзент­хананың әрбір бөлмесіне ана құрсағындағы шарананың жүрек қағысын қадағалайтын қондырғы орнатылған. Қажетті жабдықтар Германия, Израиль және Ресейден жеткізілген. Мекемеде аналар мен балалар үшін бар жағдай жасалған. Ал, перзентхана мамандары ана мен бала қауіпсіздігі және жаңа перинаталдық технологиялар бойынша арнайы курстардан өткен. Перзентхананың босану бөлімі­нің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Ольга Большакова қажет жағдайда жаңа босанған аналарға психолог та көмекке келетінін, босанғаннан кейін сәбидің бірден анасына берілетінін және бұл үрдістің бала ағзасында қорғаныс қабілетінің қалыптасуы үшін маңызды екенін айтып отыр. Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы