• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Орайлы жұмыс – отандық өнім

212 рет
көрсетілді

«Қазақстанда жасалған». Бұл – мемле­кеттің мерейі, маңызды мәртебе, Отаны­мыз­дың беделі. «Екі қойым – бір сом» дейтін бұ­ры­н­- ғы қазақ жоқ. Ештеңеге алаңсыз ел емес еке­німізді біртін-біртін көрсетіп келеміз. Ақ­ша айналдыру – бизнес жасау, қосымша жұ­мыс істеп, табыс табуға үйреніп қалдық. Осы­ны мұрат тұтқан жас кәсіпкердің бірі қа­рағандылық Данияр Ауписимов. Жоспары ауқымды, жобасы тың кәсіпкер «Қа­ра­ған­дыда жасалған» маркасымен спорттық киім шы­ғарып жатыр. Қазірдің өзінде тігін цехы ар­найы киімдердің неше түрін сәндеп тігу үстінде. Жуыр­да облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков тігін це­хында болып, өндірісті аралап шығып, кә­сіп­кер­лер­дің өтінішін тыңдады. Оларға қолдау көр­сетуге уәде берді. Аймақ басшысының шағын өндіріс орнына ар­найы ат басын бұрып, көмек қолын созуға бейіл екен­дігінің бірнеше себептері де бар. «M.Style Kazakhstan» кәсіпорнында тек мүмкіндігі шектеулі жан­­дар жұмыс істейді. Бүгінде мүмкіндігі шек­теу­лі тоғыз адам еңбек етіп жатқан кәсіпорын ал­да­ғы уа­­қытта тапсырыстың түсуіне қарай жұмыс орын­да­­рының санын арттырмақ. «Біздің міндетіміз – мүгедектерге өмірден өзіне лай­ықты орын табуға көмектесу. Бұл адамдар мем­лекеттік жәрдемақыдан басқа, оқып, жұмыс іс­тегенді, қоғамға өз пайдасын тигізуді қалайды. Бү­­­гін­де елімізде жұмыс істеуге қабілетті жастағы мү­­­гедектердің 13 пайызы ғана еңбек етіп, ақша та­ба­ды», дейді жас кәсіпкер Данияр Ауписимов. Бұдан бөлек ол басқа компаниялармен бірлесіп, мүм­кіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету үшін қо­ғамдық қайырымдылық қорын құрыпты. Жас кә­­сіпкер сонымен қатар, өнімді сатудан түскен қар­­жының бір бөлігін балаларға ота жасатуға жұ­м­­сауды көздеп отырған көрінеді. Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ