• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Жамбыл облысында жиһазы жоқ кітапханалар бар

326 рет
көрсетілді

Бүгінде еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, әлемдік өркениеттен өз орнын алғалы бері барлық сала дерлік заманауи сипатқа көшті. Ғаламтор жүйесі құрылып, білім берудің де түрлі тәсілдері жүзеге асты. Жамбыл облысында 288 кі­тапхана болса, сол кітап­ха­­налардың 92 пайызы компью­тер­мен қам­ты­лыпты. Кі­тап­ха­налардың ма­те­­риал­дық-техникалық жағдайын жақ­­­сарту мақсатында облыс бой­ын­­ша 13 миллион 589,6 мың тең­­ге жұмсалған. Десек те, әлі де бір­қатар өзекті мәселелер бар екен. Меркі аудандық орталық кі­тапханасы әлі күнге дейін жи­һазсыз отыр. 2014 жылы жөн­д­еуден өтсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай келеді. Мұн­да ғаламтор енді қосылып жат­қанымен, кітап сөрелері жа­ңар­тылмаған. Тіпті, жиһаздың жоқ­тығынан аталған мекеме об­лыс­тық кітапханашылар семинарын да өткізе алмай отыр екен. Ен­ді аудандағы кітапхананың жайы осындай болғанда, оған қа­расты 28 кітапхананың күйін топ­­шылай беруге болады. Меркі ау­­дандық кітапханасының ди­рек­­торы Жанат Сүйімқұлова аудан әкімінің жиһаз алуға 2 ми­ллион теңге бөлгенін айтты. Алайда, бұл қаражат та жет­кі­ліксіз болып отыр. Мұндай мәселе Мойынқұм ау­данында да бар. Осы уа­қытқа дейін аудандағы 20 кі­тап­­­хананың 19-ы ғаламторға қо­­сылмаған. Бұдан бөлек, аудан кі­тап­ханасындағы жиһаз­дар да тоз­­ған, стеллаждар да заманауи талапқа сай емес. Кі­тапхана ди­ректоры Ғалия Шубаева осы мәселелерге жер­гі­­лікті әкімдіктен жыл сайын ақ­­ша сұрайтынын, алайда, ала ал­май келе жатқанын жеткізді. Бі­рақ бүгінде 5 кітапхананы ға­ламторға қосу үшін жергілікті бюд­жеттен 1 миллион 271 мың тең­ге қарастырылыпты. Енді кі­тапхана басшылығы тағы 10 кітапхананы ғаламторға қосу үшін аудан әкімдігінен қа­ражат сұрап отыр. Жиһаз де­мек­ші, кітапханаға 2014 жылы қаржы бөлініп, ол ақшаға тек қана оқу залына орындықтар алынған екен. Енді қанша қа­ражат бөлініп, кітапхана қа­шан қалпына келетінін уақыт көр­сетеді. Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы