Салтымды сақи еткен тұз-дәмім-ай,
Алысты жақын еткен қыздарым-ай!
Қазаққа Құдайдың да қарасқаны-ау,
Қылықты қыз бергені бізге мұндай.
Жырлаған қайран қалып Жұбан ақын,
Қызымда қасиет көп жұбанатын.
Көркіне ақылы сай әдебімен,
Көрсетті қазақ қызы ұлағатын.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»
Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»