• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Сенат комитеттерінде Конституцияға түзетулер қаралды

107 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының тұрақты комитеттерінің отырыстарында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Заң жобасы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мен саяси жүйені одан әрі демократияландыру мақсатында әзірленді. Тұрақты комитеттер заң жобасына, сондай-ақ, Пар­ла­мент палаталарының бірлескен отырысындағы бірін­ші оқы­лымда мақұлданған ұсыныстарға қолдау білдірді. Комитеттердің қорытындылары Парламент пала­таларының бірлескен комиссиясына берілді. Бір­лес­кен комиссияның құрамына Парламент Сена­тынан Серік Ақылбай, Бірғаным Әйтімова, Асқар Бейсен­баев, Қайрат Ищанов, Дулат Құсдәулетов, Дариға Назарбаева, Людмила Полторабатько сайланды. Комиссия Парламент палаталарының 6 наурызда болатын бірлескен отырысында екінші оқылымда қарау үшін қорытынды салыстырмалы кесте әзірлейтін болады.