• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Азаматтардың маңызды мүдделері қарастырылған

236 рет
көрсетілді

  Біздің еліміздің Ата Заңы – Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды талқы­лау – біздің жұмысымыз­дың аса маңызды сәттерінің бірі. Оған халықтың, мемлекеттің мүдделері тұрғысынан зор маңыз бере отырып, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті естен шығармай, келешекке көз жіберу керек. Осыған байланысты Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында конституциялық өзгерістерді талқылауға ерекше назар аударылды. Көптеген ой-пікірлер ортаға салынды, дегенмен, жұмыс тәртібі бойынша нәтижесінде дауыс беру арқылы шешілді. Көптеген ұсыныстар комитет мүшелерінің басым дауысымен қабылданды. Біз өз жұмысымызды аса мұқият түрде әрі абыроймен жүзеге асырдық. Енді біздің ұсыныстарымыз Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралатын болады. Әрбір түзету асықпай әрі егжей-тегжейлі зерделенді, өйткені, онда азаматтардың өмірлік маңызы бар мүдделері қарастырылған. Георгий КИМ, Сенат депутаты