• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Елбасының еңбегін атап өту керек

155 рет
көрсетілді

Өткен 25 жылдың ішінде елі­міз қарқынды дамыды, жолдар да, тұрғын үйлер де, ғимараттар да са­лынды, әлеуметтік-экономи­ка­­лық жағдайымыз көтерілді. Осы­­ның бәрі Елбасының көреген саясаты­ның арқасында жүзеге асты. Әлемде болып жатқан эконо­ми­ка­­лық жағдайды ескере отырып, Мемлекет бас­шысы елімізді кезең-кезеңі­мен дамыту мақсатында «Қазақ­стан-2050» стратегия­сы мен уақыт талабы­на сай мемлекет­тік бағдарламалар қабыл­дады. Елбасын­ың Жолдауында алдағы бес жылда, он жылда, 30 жылдағы ел дамуын­дағы басымдықтар айқын белгіленген. Біздің алдағы міндеттеріміздің бірі халық­тың әлеуметтік-экономикалық жағ­дайын жақсарту, елдегі тұрақтылықты ны­ғайту, әлем қоғамдастығындағы Отаны­мыз­дың беделін биіктету болып табылады. Біздің еліміз әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси мәсе­лелерге ШЫҰ, ЕАЭО, АӨСШК және басқа да халықаралық ұйымдар арқылы үлесін қо­сып келеді. Биылдан бастап еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі лауазамына ие болды. Бұл біздің Елбасымыздың және еліміздің бейбітшіл әрі бітімгершіл саясатының көрінісі дер едім. Кешелі бері Тұңғыш Пре­зи­денттің елімізді өр­кен­­детуге сіңірген еңбе­гін Конституция­да атап өту қажеттігі туралы айтылып жатыр. Ол ұсыныстарды толықтай қол­даймын. Сондықтан, Ата Заңымыз­да Елбасы еңбегін ерекше атап өтуге қолдау білдіремін. Елбасы, сондай-ақ, еліміздің әлеу­мет­тік-экономикалық жағдайы мен саяси тұрақтылығын айтпағанда, бүкіл әлемдегі халықаралық жағдайдың жақ­саруына оң ықпал етіп келеді. Ресей мен Түркияның қарым-қатынасының жақсаруына қосқан үлесін еске алсақ та жеткілікті болар еді. Сондай-ақ, Сирия­дағы араздықты рет­теуге де біздің Елба­сымыздың сіңірген ең­бегін айтпай кетуге болмайды. Сондық­тан, осындай әлем­дегі тұрақтылықты нығайту­ға, бейбіт­шілікті орнатуға, бітімгершілікті ілгерілетуге қосқан үлесін ескере отырып, Мемлекет басшысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсыну тура­лы ұсынысты қолдаймын. Ерболат МҰҚАЕВ, Сенат депутаты