• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Айтылған ұсыныстарға қолдау білдірді

179 рет
көрсетілді

  Парламенттің, Үкіметтің өкілеттіктерін кеңейту Мем­лекет басшысының «Қазақ­станның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» атты Жолдауында айтыл­ған бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында экономиканы үшінші жаңғырту мақсаттарына тиімді қол жеткізуге қызмет етеді. Ұсынылып отырған конституциялық рефор­ма Үкіметтің жауапкершілігі мен дербестігін арттырады, оған экономиканы тікелей басқаруға баса назар аударуға мүмкіндік береді және оның ішінде еліміздің бюджетіне қатысты міндеттерін де сапалы түрде іске асыруды көздейді. Заң шығарушы билік тармағы ретінде Парла­мент рөлінің күшеюі атқарушы билік қабыл­даған шешімдерді тиімді бақылауға және халық алаңдаушылық білдірген маңызды мәселелерге уақытында әрекет ету мүмкіндігін күшейтеді. Парламент Сенаты Қаржы және бюджет коми­теті­нің отырысында еліміздің Ата Заңына ұсы­нылған өзгерістер мен толықтырулар мүдделілік тұр­­ғысында қызу талқыланды. Талқылау барысында комитет мүшелері конституциялық реформаға және Парламент депутаттарының палаталардың бірлескен отырысында айтқан ұсыныстарына толықтай қолдау білдірді. Рашит АХМЕТОВ, Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы