• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Қажеттіліктен қабылданған шешім

236 рет
көрсетілді

Халқымызда «Заманына қарай –талабы»  деген мағынасы терең сөз бар. Үшінші мыңжылдық адамзат тарихындағы ең жедел даму кезеңi болғалы тұр. Бұл даму қоғамның барлық сала­сын қамтып, оның сапалы өзгерic­терге батыл қадам жасауын қажет етуде. Осы тұрғыдан алғанда, елiмiздегi Конституцияға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар заман талабынан туындап отырғанын түсінеміз. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Пар­ламентке келiп конституциялық реформалар және қалың көпшіліктің ұсыныстары туралы жан-жақты айтып беруі заң жобасының маңыздылығын көрсетедi. Президент әлемдегi, ел­дiң iшiндегi жағдайды терең бiлiп, сая­си өзгерicтер қажеттiлiгiн сезiне отырып, осындай батыл кадамдар жасады. Сонымен бiрге, Президент қоғамда пiкiр қайшылығын туғыз­ған Конституцияның 26-бабына қатысты да ұтымды ұсыныс айтты. Көпшiлiк мұны түсіністікпен қабылдады. Парламенттiң бiрлескен отырысында Конс­титуцияға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толық­тырулар бiрiншi оқылымда мақұлданды. Депутаттар тарапынан қосымша ұсыныстар айтылды. Iшкi icтер министрiн кызметке тағайындау және қызметiнен босату өкiлеттi­гiн Президент құзыретiнде қалдыру туралы ұсыныстар жергілікті тұрғындармен кездесуде де айтылған болатын.  Елiмiздiң қауіпсiздiгіне жауапты iргелi министрлiктiң басшысын таға­йындау мен босатуды Президенттiң тiкелей құзы­ретiне беру туралы депутаттардың ұсынысын өте орынды деп санаймын. Парламент Сенатының экономикалық сая­сат, инновациялық даму және кәсiпкерлiк комитетiндегi талқылау кезiнде сондай-ақ, заң жобасы және оны бiрiншi оқылымда қарау кезiнде берiлген ұсыныстарға қолдау бiлдiрiлдi. Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ, Сенат депутаты