Бұл конституциялық өзгерістер осыдан он жыл бұрынғы, Парламент пен жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілеттіктері кеңейтілген, саяси партиялардың мәртебесін нығайтуды көздеген 2007 жылы басталған реформалардың заңды жалғасы екені даусыз.
Еліміздегі бүгінгі саяси жаңғырулардың маңызды сатыларының бірі тежеме және ара салмақ жүйесіндегі Парламент рөлінің күшейтілуі болып табылады және ол өзгерістер еліміздің конституциялық жүйесінің орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан елдің саяси жаңғыруы мәселесінде ескіні қанағат етіп отыра бермей, оның орнына билік тармақтарының тепе-теңдігі, азаматтық қоғамның дамуы, саяси шешімдерді қабылдауға азаматтардың араласуы және басқа да көріністермен бірге демократияның классикалық үлгісіне бірте-бірте көшуді таңдағанын бүкіл әлемге паш етіп келеді.
Cергей ЕРШОВ,
Сенат депутаты