Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды егжей-тегжейлі қарады.
Өткен жұма күнгі болған Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутат Асқар Бейсенбаев біздің комитет атынан ұсыныстарды жария етті. Біздің ойымызша, Конституцияда мемлекетімізді құрудағы Президенттің ерен еңбегін ерекше атап өту қажет. Біз Адам құқықтары жөніндегі уәкілді Сенаттың бес жылға сайлауы туралы ұсыныстың маңызы зор деп санаймыз. Сондай-ақ, Президент лауазымына үміткерлерге қатысты жоғары білім туралы талаптың енгізілуін де қолдаймыз.
Сенат комитеттері қоғам алдындағы жоғары саяси және адамгершілік тұрғысындағы жауапкершілікті сезіне отырып, конституциялық реформаны талқылауға белсенді атсалысты. Біздің ойымызша, бірлескен отырыста айтылған ұсыныстардың бәрі салмақты да салиқалы, әрқайсысының маңызы зор. Оны бүкіл халық қолдайтыны даусыз.
Талғатбек АБАЙДІЛДИН,
Сенат депутаты