• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Өмірмен өзектес өзгеріс

196 рет
көрсетілді

Елбасының конституциялық рефор­ма жасау туралы бастамасы жұрт­шылық тарапынан кең қолдау­ға ие болып, заң жобасы бір ай бойы талқыланды. БАҚ беттерінде жарияланған мәліметтер бойынша саяси партиялар, қоғамдық бірлес­тікт­ер, жекелеген адамдар тарапынан алты мыңға жуық ұсыныс-тілектер түс­кен. Өңірде де талқылау жиын­дары өтіп, бірқатарына қатысу мүм­кін­дігіне ие болдым. Бір аңғарға­ным, демо­кратиялық даму жолына нық қадам бас­қан еліміздің қоғамдық өміріне қатысты саяси мәсе­лелер облыс тұрғындарын да бейжай қалдырмаған тәрізді. Енді, міне, конституциялық реформа жөнін­дегі жұмыс тобы ұсыныс-пікірлерді екшеп, жинақтап, Конституцияға өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу жөніндегі заң жобасы Мемлекет басшысының шешімімен Парламент қарауына енгізілді. Парламенттің қос палатасының бірлес­кен отырысына қатысқан Елбасы құжатты ашық және жариялы түрде қарау қажеттігін атап көрсетті. Бәріміздің күтетініміз – осы. Сондықтан да, тарихи шешім қабылдау ар­қылы демо­кра­тияландыру үрдістері мен тетік­терін жетіл­діру депутаттық корпустан сергектікті, бел­сен­ділікті, құқықтық білімділікті талап етері анық. Барлық процедуралардың заңдарға сәйкес атқарылып, ең бастысы, айтылған ұсыныстардың жан-жақты ескерілгені өте маңызды. Қазақ елінің келешекке бағдарланған стра­тегиялық мақсаты – әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына ену. Биыл жарияланған Жолдауда осы мақсатқа қарай табандылықпен жетудің басым бағыттары көрініс тапқан. Көз алдымыздағы болып жатқан саяси өзге­ріс­тер жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қам­та­ма­сыз ететін экономикалық өсімнің жаңа үлгісін енгізумен қатар, құқықтық, демократиялық тетіктерді нығайту­ды діттейді. Ширек ғасыр бойы Қазақ­­станның өзіне тән саяси моделі ұрақты президенттік билік жүргізіліп келді. Ауқымды реформалар сәтті жүзеге асырылып, жемісін берді. Әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылдық. Екі жаңғыру кезеңі ар­қылы баға жетпес құнды тәжірибе жинақталды. Үшінші жаңғыру «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде өткізіледі. Түп­кі мақсат экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге бағытталған. Президент мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу арқылы Үкіметтің жауапкершілігін арттыру, Парламент­тің рөлін күшейту қажеттігін талай рет айт­қан болатын. Енді Парламент ұсы­ныл­ған консти­туция­лық өзгерістерді бес негіз­гі блок бойынша жан-жақты қарайды де­ген сенім мол. Өйткені, негізгі заңды өзгерту ха­лық сайлаған депутаттық корпусқа сеніп тапсы­рыл­­ған­дықтан, мемлекеттік басқару жүйесін тиімді де тұрақты етудің барлық жолдары елдік мүдде­ден ойлас­тыр­ғаны абзал. Бұл – қатардағы заң норма­лары емес, сонд­ықтан кеңі­нен қабылданған оңтайлы реформа­лық шешім­дер ғана өз нәтижесін бере алары анық. Заң нормалары арқылы билік тармақтары мен олардың арасындағы өкілеттіктер барынша тиімді етіп қайта бекемделсе, ұтарымыз көп болмақ. Алтай ҚОЖАХМЕТ, СҚМУ профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Солтүстік Қазақстан облысы