• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Елімнің мәретебесі биіктей берсін деп тілеймін

231 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған кезекті Жолдауында айтқандай, еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Ширек ғасырда еліміздің жеткен жетістігін әлем жұрты жоғары бағалады. Бұл Елбасы жүргізген сара саясаттың жемісі деп білемін. Биылғы жыл да еліміз үшін табысты жыл болмақ. Алматыда өткен Универсиада-2017 спорт ойындары соның бастауы. Ал жазда Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтпек. Астананы да ұл-қыздарымның арқасында аралап көрдім. Таң­ғалдым. Балам оқығанда бар­ғандағы Целиноградтан мүлде бөлек, ғажап қалаға айналыпты елордамыз. Бұған дейін де Қазақстан талай халықаралық ұйымдарға төр­аға­лығын абыроймен өткізді. Енді, міне, биылдан бастап Қазақ­­­стан Біріккен Ұлттар Ұйы­мы Қауіп­сіздік Кеңесінің мүшесі болып отыр. Бұл Кеңес жұ­мы­сына Елбасы тың серпін бе­ріп, өз міндетін үлкен жауап­кер­ші­лікпен өткереді деген сенімдемін. Елбасының жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауын теледидардан тыңдаушы едім. Бұл жолы газет бетінен оқып таныстым. Жолдауда Елбасы алдағы 25 жылда бізді бұдан да биік белестер күтіп тұр дейді. «Алдымызда қандай қиын­дық­тар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте. Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз!» деген Елбасы сөзі көңіліме демеу бо­лып тұр. Біз асарымызды аса­дық, жасарымызды жасадық, ен­ді Елбасы айтқандай, біз көр­ме­ген жақсылықты немере, шөбере­леріміз көрсін. Еліміз бүгінгіденде өсіп-өркендей түссін. Аса дамыған отыз елдің қа­та­рынан көрініп, мәртебесі биік­тей берсін деп тілеймін. Алтын АРТАЕВА, «Алтын алқа» иегері Жамбыл облысы